Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлігіне ағаш құлаған қазақстандық коммуналдық кәсіпорыннан 2,5 миллион теңге өндіріп алды

Үстіне ағаш құлаған көлікФото: depositphotos.com

Өскеменде көлік иесі құлаған ағаш үшін коммуналдық қызметтен 2,5 млн теңгедей өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жағдай 4 сәуірде болған: сол күні тұрақта тұрған көліктің үстіне ағаш құлаған. Көлік қатты зақымданып, қайта жөндеуге жарамсыз болып қалған. Сарапшы оның нарықтағы құны шамамен 2,5 миллион теңге деп бағалаған.

Ағаш қала шегінде, коммуналдық кәсіпорын қызмет көрсететін аумақта орналасқаны белгілі болды. Бұл кәсіпорын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік мекемесімен көшелерге күтім жасау және қауіпті ағаштарды жою бойынша міндеттері көрсетілген келісімшарт жасасқан.

Көлікке келген залал бойынша өтемақы өндіру туралы іс қалалық сотта қаралды.  Сот коммуналдық қызметті кінәлі деп тапты. Олар қауіпті жою шараларын қолданбаған, ағаш соның салдарынан құлаған.

Нәтижесінде сот көлік иесінің талапты ішінара қанағаттандырды: кәсіпорын 2 418 250 теңге көлемінде залалды өтеуге, сондай-ақ 248 508 теңге көлеміндегі сот шығындарын төлеуге міндеттелді. Көлік иесінің метал сынығы ретінде бағалап, 81 750 теңге өндіріп алу туралы талап арызы қанағаттандырылған жоқ.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Көлік үстіне ағаш құлаған жағдайда не істеу керек? Ең алдымен ағаштың құлағаны, көлікке зақым келгені және айналадағы жағдай көрініп тұратындай фото және видео түсіріп алу керек Фото, видеоматериалда оқиға болған күн мен уақыт та көрініп тұрғаны жөн. Полиция келгенге дейін көлікті орнынан қозғамаңыз. Құқық қорғау органдары оқиға сызбасын жасап, өтінішті қабылдап, талон береді.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 16:08
Талқылау