AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адамды көлікпен қағып өлтірді деген күдікті ұсталды

6 шілде күні Шымкентте 60 жастағы ер адамды қағып кеткен 30 жастағы жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 6 шілде күні Шымкенттегі Қазыбек би көшесінде Toyota автокөлігінің жүргізушісі 60 жастағы азаматты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жатқызылып, сол жерде көз жұмды.

Факт “көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және "жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша тіркелді.

"26 шілдеде жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады полициядан.

Еске салсақ, Шымкент қаласының 15 жастағы тұрғыны әлдекімдердің оның әкесін көлікпен қағып, тонап, сол жерде қалдырып кеткенін мәлімдеп еді. Марқұмның ұлы Альсаид Батукаев полицейлердің әрекетсіз отырғанын айтып, қазақстандықтардан кінәлілерді іздеуге көмектесуін сұрайды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр