Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлігімен қағып, өлім аузында тастап кетті": Шымкенттік әкесін өлтіргендерді таппаған полиция әрекетсіздігіне шағымданды

6 шілде күні Шымкенттегі Қазыбек би көшесінде көлік ер адамды қағып, өлім аузында тастап кетті. Зардап шегуші сол күні таңертең ауруханада көз жұмған. Марқұмның ұлы Альсаид Батукаев полицейлердің әрекетсіз отырғанын айтып, қазақстандықтардан кінәлілерді іздеуге көмектесуін сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

14 шілдеде Альсаид Батукаев өзінің Instagram парақшасында құқық қорғаушылардың ештеңе істемейтінін және тергеудің ешқандай нәтиже бермей жатқанын айтып, видео үндеу жариялаған.

Бірнеше күн бұрын жас жігіт тағы да видео үндеу жазып, тергеу жұмысының әуре сарсаңға салғанын айтты. Сондай-ақ ол Шымкент полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтен істі өзінің жеке бақылауына алуын сұраған.

Альсаид оқиға болғанына үш апта өткенін атап өтіп, полицияның осы уақыт аралығында кінәліні таба алмағанын айтады. 

"Әкем Алматыдан Шымкентке үйлену тойына келді. Тойдан кейін бәрінен бөлініп, серуендеп қайтпақ болады. Таңертең бізге ауруханадан қоңырау шалып, оның жағдайының ауыр екенін айтты. Бірақ іс жүзінде 7:50-де ол қайтыс болды. Сағат 12:00-де бізге қоңырау шалып, ауруханаға құжатсыз күйде келгенін айтты. Тек саусақ іздері бойынша таныған. Бірақ барлық құжаттар оның жанында болған. Біртүрлі жағдай. Полиция дәрігерлер құжаттарды байқамаған шығар дейді. Үш апта өтті. Мен күн сайын тергеушіге қоңырау шаламын, ол әрдайым жаңалық жоқ деп айтады", – дейді Батукаев.

Марқұмның ұлы апат маңына жақын жерлерде 15 бейнебақылау камерасы орнатылған айтады.

“Вокзалда төрт камера, одан бері жолда тағы төрт камера, екінші жолда тағы бес-алты камера бар. Негізгі жолда төрт камера бар. Оқиға орнынан 20 метр жерде камера өте жоғары тұр. Полиция бізге көлік қағуы мүмкін бағыттардағы барлық камералардың былғанғанын немесе жұмыс істемей тұрғанын айтты”, – деді марқұмның ұлы.

Сондай-ақ Батукаев оқиғаның куәгерлері үш түрлі көлікті көргенін айтады.

“Біз кофеханадағы куәгерлермен сөйлестік. Әкемнің кофеханаға кіргенін, кейін оның басынан бөтелкемен ұрып, ақшасын алып кеткенін айтты. Куәгерлер жедел жәрдем шақыртқан. Бірақ олар әкемді таба алмаған соң, кетіп қалған. Бұдан соң әкем көлік астына түскен. Тағы бір куәгер оның құрбысының терезеден соққының дыбысынан естігенін, кейін қараса Toyota Camry кетіп бара жатқанын көргенін айтты. Тағы бір куәгер Жасыл Opel Vectra көргенін айтты, үшіншісі Lada Priora екенін айтты", – дейді Альсаид.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта жүргізуші мен көліктің орналасқан жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұдан бұрын марқұмның қызы әлдекімдердің оның әкесін көлікпен қағып, тонап, сол жерде қалдырып кеткенін мәлімдеген. Жасөспірім қыз қазақстандықтардан оқиғаға кінәлілерді табуға көмектесуін сұраған.

 

Талқылау