Көлгінов: Карантин коменданттық сағат емес
Карантин коменданттық сағат емес. Мұндай мәлімдемені Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сіздерді коменданттық сағат пен карантинді шатастырмауларыңызды сұраймын. Себебі карантин кезінде тұрғындардың емін-еркін жүріп тұруына шектеу қойылады. Біз сіздерді тәртіпті сақтауға шақырамыз", - деп мәлімдеді елорда әкімі.
Сөзінше, қаланың шет аймақтарындағы бақылау, ал қаланың ішіндегі дезинфекциялық және санитарлық шаралар күшейтіледі.
Сондай-ақ қалаларалық автобустардың жүруіне шектеу қойылмақ.
"Автобекеттерде қалааралық автобустардың жүруіне тыйым салынады. Олардың қалаға кіруіне де шектеу қойылады. Инфекция жұғуы мүмкін деген адамдарды тексеретін қосымша пунктер ұйымдастырылады", - деп қосты Көлгінов.
Еске салайық, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланғаны айтылған еді.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды