Қазақстандықтар Украинадағы соғысқа шақырылуда: Министр Аида Балаева бұл мәселемен қалай күресіп жатқанын айтты
Фото: Anadolu
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде жиілеп кеткен арандатушылық жарияланымдар мен жарнамаларға байланысты бұл платформаларды бұғаттау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтегі брифинг кезінде журналистер министрден ТМД және Қазақстан азаматтарын Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу үшін келісімшарт жасауға шақыратын әлеуметтік желілердегі жарнамаларға министрлік неге шара қолданбайтынын сұрады.
Балаеваның айтуынша, ведомство мұндай материалдарды анықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.
"Біз ешқандай шара қолданбай отырмыз деп айтуға болмайды. Себебі, өздеріңіз білесіздер, жалған ақпарат пен заңсыз материалдар ағыны өте көп. Мұндай материалдарды анықтау үшін үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әрқайсысын сараптамаға жібереміз және бірден әлеуметтік желілер әкімшілігі арқылы жойылады. Бірақ мұндай фейк ақпараттар біздің қарсыластарымыз бен жауапсыз азаматтар тарапынан жүйелі түрде таратылып отырады. Сондықтан бұл жұмысты жалғастырамыз", – деді министр.
Сондай-ақ министр әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесіне де тоқталды.
"Әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы жиі айтылып жатады. Мен мынаны айтқым келеді: бұл тек әлеуметтік желі әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың әрекетіне байланысты емес. Ең алдымен бұл – әлеуметтік желілерді қолданушылардың жауапкершілігі. Олар қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және жалған ақпаратты таратпау үшін тікелей жауап береді. Заң бұзған адамдар анықталса, міндетті түрде заң аясында жауапқа тартылады", – деп толықтырды Аида Балаева.
Қазақстан билігінің порносайттарды бұғаттағаны дұрыс болды ма?
Ақтауда оқушы қыздар ойын үшін қатарласын мектеп әжетханасында буындырған (видео)
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жасөспірімдер үшін әлеуметтік желілерге тыйым салу мәселесі қайта көтерілген еді. Алматы прокуратурасы әлеуметтік желіде өзіне қол жұмсауды көрсететін күдікті контенттерді бұғаттады. Солардың қатарында 67 адам тіркелген Telegram арна да бар.

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
