Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоластындағылар мен науқастардан ақша бопсалаған Маңғыстауың бас дәрігері сотталды

Маңғыстау облысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы темір торға тоғытылды. Тергеу нәтижесінде 53 жастағы Марал Қадырдың қоластындағылардан пара сұрап, науқастардан ақша бопсалағаны дәлелденді, деп хабарлайды КТК арнасы.

t

Қызметке жарты жыл ғана отырған бас дәрігерді екі адвокат қорғады. Айыпталушы бастапқыда кінәсін мойындағанымен кейін оған психологиялық қысым көрсеткенін айтып ақталды. Барлық фактілер аудио және видео жазбалармен дәлелденді. Тергеушілер оның кабинетіне біраз уақыттан бері камера қойған. Телефонмен сөйлескен сөзін де тыңдаған. Айыпталушы қалалық емхананың бас дәрігерін зейнетке шығарып жіберемін деп қорқытқан. Олай істемес үшін 100 мың теңге сұраған. Туберкулезге қарсы облыстық диспансердің басшысынан 200 доллар сұраған. Немересін қаратпақ болған Ақтау тұрғынынан 15 мың теңге, өзге науқастан 30 мың теңге алған.

Айыпталушыға мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызмет істеу құқығынан айырылды.

«Денсаулық сақтау басқармасының өзге де қызметкерлері сертификат, гүл секілді сыйлық сыйлаған. Олардың бәрі құжатта көрсетілген», – деді Ақтау қалалық сотының төрағасы Малик Кенжалиев.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде сәбиін 60 мың теңгеге сатып жіберген анаға қатысты сот үкімі шықты

Білім министрлігі  2018 жылы ҰБТ өткізуден мұғалімдер босатылады

Алматы облысында бір отбасының үш бірдей баласы суға батып кетті

Талқылау