Қол астындағы қызметкерлеріне айырсадақпен "оқ" атқан: Полиция тексеру жүргізіп жатыр
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Абай облысына қарасты Шар қаласындағы полиция бөлімшесінің ішінде және кіреберісінде бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі ақпаратқа сенсек, бейнежазбада азаматтық киімдегі ер адам полиция формасындағы адамдарға айырсадаққа ұқсас затпен оқ атып жатқанн көруге болады. Полиция формасындағы азаматтар ешқандай қарсылық көрсетпей, “шабуылдан” қашып жүр. Болып жатқан жағдай сырттай қарағанда баланың ойынына ұқсайды. Алайда видеодағы адамдар қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлері болуы мүмкін.
Жазбаның авторының айтуынша, айырсадақ ұстаған адам – жергілікті полиция бөлімінің бастығы, подполковник шеніндегі қызметкері. Ол осылайша өз қарамағындағы қызметкерлерді "тәрбиелеп" жүр екен.
“Қарамағындағыларды нысанаға алып, оларға айырсадақпен металл шариктер атып жүр. Өзі күліп, рахаттанып тұр. Бұл қандай тәрбие? Бұл билік ауруы”, — делінген жазбада.
Абай облысының полция департаменті видоға қатысты пікір білдіріп, тексеріп жүріп жатқанын айтты.”
“Абай облысы полиция департаментінің жеке құрам инспекциясы оқиға орнына барып, қызметтік тексеріс тағайындады. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
