"Көктем кешігіп келеді": Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер еліміз бойынша көктемнің алғашқы айы наурызға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, биыл Қазақстанның басым бөлігінде көктем наурыздың екінші жартысы, сәуір айының басында сәл кешігіп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay
Болжамға сәйкес, оңтүстік өңірлерде наурыз жылы ауа райымен басталады. Алайда кейін суық қайта оралады. Наурыз айының бірінші онкүндігінің соңында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қатты жаңбыр күтіледі. Ал ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.
Наурыз айында әдетте, синоптикалық процестердің қыстан көктемге ауысуына байланысты ауа-райының жиі өзгеруі байқалады.
Дегенмен еліміздің солтүстік облыстарында бұл айда қыс жалғасын табады. Бұл аймақтарда суық ауа райы, қар, боран, көктайғақ және тұман болады. Тек кейбір күндері көктемгідей күн ашылуы мүмкін.
Бірінші онкүндікте температураның жоғарылауы болжанады:
- Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде -5 -17°С-тан -3 -8°С-қа дейін, күндіз -1 -7°С-тан -2 +3°С-қа дейін;
- елдің шығысында түнде -20 -35°С-тан -3 -13°С-қа дейін, күндіз -3 -12°С-тан -2 +5°С-қа дейін;
- елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында түнде 0 -10°С-тан -3 +5°С-қа дейін, күндіз 0 +7°С-тан +7 +15°С-қа дейін,
- оңтүстікте +18°С-қа дейін болады.
Екінші онкүндікте ауа температурасында өзгерістер күтіледі:
- еліміздің солтүстік жартысында түнде -17 -27°С-тан -3 -13°С-қа дейін, күндіз -7 -12°С-тан -1 -6°С-қа дейін;
- оңтүстік жартысында түнде 0, +10°С-тан -5 -15°С-қа дейін, күндіз +10 +20°С-тан 0 +8°С-қа дейін болмақ.
Көктемгідей жылы ауа-райы наурыздың үшінші онкүндігінде орнығады:
- елдің солтүстік жартысында түнде -5 +3°C, күндіз +3 +13°C, оңтүстікте - түнде +2 +10°C, күндіз +15 +21°C болмақ.
Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстігінде 1°-қа жоғары болады деп болжанған.
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында, Павлодар және Жетісу облыстарының шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында нормадан көп болмақ.