Көкшетаулық екі оқушы Олимпиададан жеңіп алған қаржыларын мұқтаж отбасыларға жұмсады

Көкшетаулық екі оқушы олимпиададан жеңіп алған қаржыларын мұқтаж отбасыларға жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас оқушы Азамат Аманжолов олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, 35 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды.
Бұл жүлде сағаттап дайындық пен табандылықтың, мұғалімдердің қолдауы мен өзіне деген сенімнің жемісі.
Ал оның досы Данияр Байбусинов біраз уақыт бойы үнемдеп, қаражат жинаған.
Балалар бұл ақшаны жеке қажеттіліктеріне немесе ойын-сауыққа жұмсай алар еді. Бірақ олар мүлде басқа жолды таңдады.
Қос оқушы бір-бірімен ақылдаса келе, жиналған қаржыны ерекше мұқтаж жандарға көмектесуге жұмсауды ұйғарды. Олар қажетті азық-түлік сатып алып, қиын жағдайға тап болған отбасыларға табыстады.
Жас өрендердің айтуынша, бұл – жүрек қалауымен әрі саналы түрде қабылданған шешім.
Азамат пен Даниярдың игі ісі мұғалімдердің, ата-аналардың және қала тұрғындарының шынайы құрметіне бөленді.
Өйткені дәл осындай балалардан алға мақсат қоя білетін, оған жетуге ұмтылатын және айналасына жанашырлық танытатын азаматтар өсіп шығады деп сенеді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты