Көкшетауда әріптесін жалаңаш шешіндіріп қарға көміп өлтірген полицейге үкім шықты
Көкшетауда ІІД бұрынғы офицері Жәнібек Баймурзин әріптесі Дархан Еламановты өлтіргені үшін ұзақ мерзімге түрмеге қамалды.
Бұл туралы Sputnik хабаралайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, айыптаушы жақ сотталушының 15 жылға қатаң тәртіпті колонияға қамалуын сұраған болатын. Нәтижесінде, 32 жастағы Жәнібек Баймурзин ҚР Қылмыстық кодексі бойынша айыпты деп танылды.
Сонымен, сотталушы 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталған азамат жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өтемақы төлейді.
Әріптесінің қолынан айуандықпен өлген полицейдің қан жұтқан ағайын-туысы тергеушілердің дәйегіне мүлдем сенбеген еді.
Сотталушы қылмысын жасыру үшін әріптесін Көкшетаудан 40 шақырым жерге алып келіп көмген екен. Марқұмның жақындары мәйіт табылған жерде бір емес бірнеше аяқ іздерінің болғанын айтады.
Ал, 3 ай бұрын ғана шаңырақ көтерген 27 жастағы марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалды.
Бұған дейін Дархан Еламановтың жоғалып кеткенін, кейін оның өліміне әріптесі күдікті ретінде ұсталғанын хабарлаған едік.
Тағы да оқыңыз:
Талқылау