Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып қалды (видео)

Жаңа жыл қарсаңында көкшетаулық өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып қалды. Өрт кезінде 55 жастағы ер адам үйден шыға алмай, есінен танып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

құтқарушылар

Құтқарушылар ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметіне табыстаған. Құтқару сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Видео кадрлары фильмді еске салады. Құтқарушылар өртенген үйден ер адамды алып шығып, жерге жатқызған. Алғашқы көмек көрсетіп, оттегі маскасы кигізген. 

Видео кейіпкерлерінің бірі Евгений Ефремов оқиға кезінде жеке құрамның қатарында болған. 

"Біз өрт болған аудандарда жұмыс істейтін негізгі жасақ емеспіз. Жігіттер көмек сұрағандықтан, келдік. Бірінші болып келгендер өртті сөндірді, біз үйден адамдарды іздедік. Тыныс алу ағзаларын қорғайтын құрылғыларды қостық. Ер адамды тауып алып, басқаларды көмекке шақырдым. Себебі бір ғана құтқарушы фильмде ғана адамды көтере алады", - деде Евгений. 

Құтқарушылардың ерлігі жайлы Төтенше жағдайлар департаментінде де пікір білдірді. 

"Әлімжан Мұстафин, Евгений Ефремов пен Әліби Комаровтың жылдам әрекет етуі арқасында ер адам аман қалды", - деді Ақмола төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Динара Есенбаева. 

Көмірқышқыл газына уланған адам үшін бірнеше секундтың өзі маңызды. Өйткені ауа жетпей қалса, өлімге алып келуі мүмкін. 

"Көкшетау" жасанды тыныс алу аппаратын сұрадық. Кезінде қаламызда барлық Кеңес одағына арналған құрылғы шығарылған. Олар әр жедел жәрдем қызметінің көлігінде болды. Біздің де көліктерде бар. Алғашқы көмек көрсетіп, өкпені жасанды түрде желдеттік. Ол кезге дейін жедел жәрдем көлігі келді, сосын ер адамды дәрігерлер тапсырдық", - деді Евгений. 

Өрттің себебі электр сымының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Қазір құтқарылған ер адам ауруханада. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Назархан Уән
Жұма, 31 Желтоқсан, 2021 14:40
Талқылау