Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда көпқабатты үйдің төбесінде асыр салған жастар іздестіріліп жатыр (видео)

Әлеуметтік желіде Көкшетаудағы көпқабатты үйлердің төбесінде серуендеп жүрген жастардың видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Көкшетауда көпқабатты үйдің төбесінде асыр салған жастар іздестіріліп жатыр (видео)

Желіде тарап кеткен видео кадрларынан байқалғандай, жастар көпқабатты үйдің төбесіне шығып алып серуендеп жүр. Тіпті биікте тұрғанына қарамастан, үйдің төбесінде секіруден де қорықпайды.

 

Ал Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта көпқабатты үйдің төбесінде асыр салған жастар іздестіріліп жатыр.

«Қазіргі уақытта ІІД видеоны тексеруде. Көпқабатты үйдің төбесінде ойнаған жастарға түсіндіру жұмыстарын өткізу үшін, олардың тұлғасын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Астанада Тамғалы тас пен Шарын шатқалы пайда болады (фото)

Алматы облысында 80 жастағы ақсақал қасқырды соғып алды

Маңғыстау тұрғыны өз әйеліне тіл тигізгені үшін сотты болды

Шымкентте жеміс-жидек сататын дүкендегі көкөніс пен жеміс атаулары жұртты күлдірді (фото)

Талқылау