Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда «Ирония судьбы или С лёгким паром!» фильмінің сюжеті қайталанды

Көкшетауда 25 ақпан күні Кеңес заманында түсірілген әйгілі «Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!» (Ирония судьбы, или С лёгким паром!) фильмінің сюжетін еске түсіретін оқиға болды.

c6e0e07d73647fcb7a1ed6700012e0f3

Күлкілі оқиға туралы Ақмола облысының ІІД мамандары әңгімелеп берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Көкшетау қалалық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреу үйіне кіріп, ұйықтап қалғанын айтқан.

Оқиға орнына келген полицейлер 30 жастағы ер адам зардап шегушінің көршісі екенін анықтайды. Ол сол күні ішімдікке тойып алып, өз үйін шатастырып алған. Құлыпқа кілт сәйкес келмегендіктен ішке пәтердің терезесін шағып кіріпті. Өз үйіме келдім деп ойлап, ұйықтап қалған. Үй иесі кешке келгенде бөтен адамның жатқанын көріп, дереу полицияға хабар берген.

Көкшетаулық Женя Лукашинге (фильм кейіпкері) қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті айыбын мойындады. Құқық бұзушы 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 75 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық әйел 7-сыныпта оқитын қызына мұғалімнің қырындағанын айтып шағымданды

Егіз қызға үйленген егіз жігіттер жұбайларын айыра алмай қалды

Шымкенттік ақсақал: Күйеуінің халін ойлаған әйелдер оған тоқал әперуі керек

Ақтөбе облысында кенже ұлы мен келінінен қорлық көрген анасы әкімнен араша сұрады

 

 

Талқылау