Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда бір тонна Наурыз-көже пісіріліп таратылды

Көкшетауда 500 келі бауырсақ пісіріліп, 1,5 мың порция палау үлестіріліп, 300 келі ет пен бір тонна Наурыз-көже пісірілді. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

6e91cab1d9caccc26666f9e412ee9594_XL

Фото: interfood

Көкшетаудағы “Тәуелсіздік” алаңында киіз үйлер, алтыбақандар орнатылған. Онда Наурыз мейрамынан хабар беретін түрлі экспонаттар қойылған.

Облыс әкімі Мәлік Мурзалин барша жиналған қауымды құттықтап, денсаулық пен бақыт тіледі.

“Көкшетау тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік бағдарлама дайындалып, өңір өнерпаздары концерт дайындап, әртістер түрлі өнерден шашу шашты. Мерекеде ұлттық дәстүрлер сахналанды. Алаңда ұлттық ойындары мен спорттық жарыстар өткізілген. Қатысушылар қазақша күрес, тоғызқұмалақ, арқан тарту бойынша сынға түсті”, – делінген хабарламада.

Концерттік бағдарлама “Наурыз Думан” көңілді флешмобымен аяқталды.

Талқылау