Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда әлем чемпионын өлтіргендер сотталды

Көкшетауда пауэрлифтингтен әлем чемпионы Евгений Галузинскийді өлтіргендер сотталып жатыр.

galuz_vs

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде алқа билердің қатысуымен өткен сот процесінде төрт айыпталушының бірі Доспаев ҚР ҚК 99-бап бойынша кінəлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұнымен қатар, ол зардап шегуші жаққа 2 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс болатын. Ал қалған тағы екі айыпталушы бұзақылық жасағаны үшін алдағы 2 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Әрқайсысы 300 мың теңге көлемінде моральдық шығынды өтейді. Ал төртінші күдікті кінəссіз деп танылды. Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін танымал спортшы пауэрлифтингтен әлем чемпионы Евгений Галузинскийдің бұзақылардың қолынан қаза болғаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Полицейлердің мәліметі бойынша, қайғылы оқиға  ағымдағы жылдың 14 наурызында, түнгі сағат 03:00-дерде Көкшетау қаласындағы автоқалашық шағынауданында орын алған.


Жіберіп алмаңыз:

ЭКСПО-дағы Қазақстан павильонынан күдікті қорап табылды

Маңғыстау облысында өртенген көлік түгі қалмай жанып кетті

Алматыда газ балоны жарылып, көліктің түгі қалмай жанып кетті

АҚШ-та күйеуі әйелін орынсыз әзілдері үшін өлтірген

Талқылау