Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 70-ке таяған ерлі-зайыпты немере-шөбересімен 7 жылдан бері қоймада тұрып келеді (фото)

Көкшетауда бес адамнан тұратын отбасы, соның ішінде он айлық бала жеті жыл бойы қоймада тұрып жатыр.

d0f6d515cf897e361280d344ddbbb43b

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Застанционный» қарапайым халық арасында – Шанхай) кентінде Аймауытов көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан қоймада зейнет жасындағы жұбайлар 69 жасар Күмісбай Ахметов және 67 жасар Зоя Татенова, келіні мен немересі және бір жасқа толмаған шөбересі тұрады. Жақында қарттарға округ бойынша қалалық мәслихат депутаты Мәди Елубаев келді,

Бұл отбасының тарихы сынаққа толы көрінеді. Зоя Шәкиқызының айтуынша, олар Қостанай облысынан 2000 жылы ұлы және оның әйелімен бірге келген. Өткен жылы ұлдары қайтыс болып, артында әйелі мен алты баласы қалды. Қазір Анастасия отбасын өзі бағып-қағып келеді. Пәтер жалдайды. Темір жол вокзалында еден жуушы болып жұмыс істейді. Жалақысы – 25 мың теңге. Қыздарының үлкені 6-сыныпта оқиды.

f0978ad37e15108a85487317c129b4c7_crop_l_26_t_7_w_1283_h_722

«Мамырда олар үйді босатулары керек, иесі қайтып келетін көрінеді. Қайда барады?», – деп уайымдайды қарттар.

Олар тұрып жатқан қойма көмір сақтауға арналған. Күмісбай ата осы қойманың күзетшісі болып жұмыс істейді, жеті жыл бұрын осы жердің иесі, «Қызылту Көмір» ЖШС директоры Ошақпай Маханов қарттардың жағдайы қиын екенін көріп, осында тұруға рұқсат берген. Ақсақал қайтыс болған баласы мен немересімен бірге оны үйге айналдырды: биік төбені «төмендетіп» (үйді тез жылыту үшін), пеш салып, қабырғаларды ақтап алды. Әрине, хан сарайы болмаса да, іші жылы, ең бастысы, жалдама бағасын төлеудің қажеті жоқ дейді зейнеткерлер. Жанашыр кәсіпкер зейнеткерге бір жолы көтерме ақы ретінде 300 мың теңге берді.

Тек бір бөлме – екі қадам алға, екі қадам артқа басуға болады. Бір жағында қариялар, екінші жағында – пеш тұрған жақта жас жұбайлар жатады. Асты кіреберісте дайындайды. Тағы бір үлкен бөлмеге жылу жүрмеген. Тек жазда ғана бұл бөлменің рақатын көреді. Қарттар өздерінің 30 мың теңге зейнетақысымен өмір сүреді, 23 жастағы немересі жергілікті бір фирмада жүк көтеруші болып істейді. Отбасының бар табысы – осы.

«Шөбересімен тағы да ауруханада жатыр, балақай қатты суықтап қалды. Балаларға арналған төсек, ойыншықтар және аздап ақшаны бейтаныс жандар әкеліп беріпті. Тек есімі ғана есінде қалыпты – Жұлдыз», – деп көрсетті баланың төсегін Зоя Шәкиқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Егіз қызға үйленген егіз жігіттер жұбайларын айыра алмай қалды

Шымкенттік ақсақал: Күйеуінің халін ойлаған әйелдер оған тоқал әперуі керек

Ақтөбе облысында кенже ұлы мен келінінен қорлық көрген анасы әкімнен араша сұрады

Талқылау