Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды
Украинаның Ровно қаласында қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «ЧаРівне» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Портал мәліметінше, жас босанған қыз Закарпатье облысынан келген.
«Пациент түнгі сағат 2:10-да қоқыс үйіндісінен жедел жәрдеммен жеткізілді. Таңғы сағат 7:10-да босанды. Ол сәбиін табиғи жолмен өмірге әкелді», - дейді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Виктория Еникеева.
Өз сөзінде ол перзентхана қызметкерлері мұндай жағдаймен алғаш рет ұшырасқанын атап өтті.
Белгілісі, жас ана жүктілігі бойынша есепте тұрмаған. Дәрігерлер 12 жасар қыз бен жаңа туған ұлы өзін жақсы сезінуі үшін қолдан келгенін жасады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі