Қоқыс полигонындағы өрт: Алматы әлемдегі ең лас қалалардың қатарына қосылды
Фото: depositphotos.com
16 қыркүйекте Алматы ауасы ең лас қалалардың ішінде үшінші орынға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
IQ Air порталы бүгін Алматыдағы ауа "халықтың осал тобы үшін зиян" деп бағалады.
Алматы ең лас қалалардың алғашқы үштігіне кірді. Бірінші орында – Индонезия астанасы Джакарта, екінші орында – Киншаса.
IQ Air сайтынан скрин
Берілген мәліметке қарағанда, қалада диаметрі 2,5 микрометрге дейінгі (адам шашынан 30 есе жіңішке) ұсақ дисперсті қатты бөлшектердің мөлшері айтарлықтай жоғарылаған. Олардың көлемі бір текше метр ауада 47,3 микрограмды құрады. Мұндай мөлшер әсіресе астмасы бар адамдарға, аллергияға бейім тұрғындарға, жүкті әйелдерге және өкпесі әлсіздерге зиян деп саналады.
IQ Air сайтынан скрин
Алматының ауасының ластануына Алматы – Талдықорған тас жолындағы қоқыс полигонында шыққан ірі өрт себеп болғаны айтылды.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт екі күннен бері өшпей жатқанын жазғанбыз.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
