Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қобызбен адамның дертіне шипа беремін деген емші желіде қызу талқыға түсті

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде өзін Таңшолпан деп таныстырған келіншек алдына шипа іздеп келген адамдарды қобыздың көмегімен емдейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол қобыздың сүйемелдеуімен, көзін жұмып келушілерді емдеуге тырысады. Видеода әйел “Қоңыр әулиенің” даусымен сөйлеп отырғанын айтты. Сондай-ақ алдына келген Сандуғаш есімді қыздан бастайтынын, оның жолы байланған жан екенін айтты.

“Бүкіл отбасыңмен қара түнектесің. “Өлім” деп басталған. Дертіңді таба алмай жүрсің, қалқам. Уайымдама, аяққа тұрасың, уәде беремін”, – деді ол қобыз тартып отырып.

Кейін емші дертіне шипа табу үшін оған қойдың басын сүйегімен алып келуді бұйырды. Сөйтіп алдағы уақытта бәрі жақсы болатынын айтып, жұбатты.

Емшінің бұл әрекеті желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылса, енді бір оны жерден алып, жерге салды.

“Сандуғаштан” бастаймын дегенде шошып кеттім,” “Ең болмаса қобыз тартуды үйреніп алсаңшы”, “Ой Алла, әулиенің неше түрі бар екен”, “Осыған шынымен сене ме екен”, “Шалабай атамыз қойып, енді мынау шықты ма?”, “Қорқыт бабамыздан ұят болды”, “Қойдың басы сүйексіз бола ма?”, – деп жазды желідегілер.

@tansholpan_emshi #рекомендации #хочуврекомендации #шымкент #қобызбензікір ♬ оригинальный звук - tansholpan_emshi

 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 09:01
Талқылау