Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KMF банк лицензиясын алды

КМФ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) "KMF МҚҰ" акционерлік қоғамына банк қызметін жүзеге асыруға лицензия берді. Жаңа банктің ресми атауы – "KMF Банк" АҚ, орыс тілінде – АО "KMF Банк", ағылшын тілінде – JSC KMF Bank.

Бүгін Алматыда лицензияны салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Оған ҚНРДА төрайымы Мадина Әбілқасымова мен "KMF Банк" АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов қатысты.

"Бүгін біз KMF Банкке ресми түрде банк лицензиясын табыстаймыз. KMF Қазақстандағы 23-нші банк болмақ. Жаңа банктің құрылуы – қаржы жүйесінің дамуына жасалған кезекті қадам әрі кәсіпкерлік қауымдастық үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін арттыра түсетінін айқындайды", – деп атап өтті ҚНРДА төрайымы Мадина Әбілқасымова.

КМФ

Жаңа банк жеке тұлғаларға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға және кәсіпкерлерге қызмет көрсетуді басты бағыт ретінде белгілеп отыр.

"KMF – нарықтағы жаңа ойыншы емес. Біз 28 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және қаржы саласында үлкен тәжірибеміз бар. Сондай-ақ клиенттеріміздің қажеттіліктерін жақсы білеміз. Екінші деңгейлі банкке трансформациялану процесі кешенді түрде жасалды. Біз микрокаржыландыру секторында жетекші орынға ие ірі ұйымбыз, бұл саланың төрттен бір бөлігі KMF-тің үлесінде. Сондықтан трансформациялау процесі ұзаққа созылды. Біз клиенттеріміз үшін микроқаржы ұйымнан банкке өту барынша жеңіл әрі үзіліссіз болуын қамтамасыз еттік. Енді оларға қаржы өнімдері мен қызметтерінің кең спектрін ұсына аламыз. Бұл – дамуымыздың жаңа кезеңі және біз банк секторынан лайықты орын аламыз деп сенеміз", – деді "KMF Банк" АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Банк лицензиясы KMF-ке кәсіпкерлікті қаржыландыру саласындағы қызметін жалғастыруға, сондай-ақ жаңа өнімдер мен қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Олардың қатарына депозиттер, банк шоттары, аударым операциялары және банктің жаңа мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін қызметтер кіреді. Ұйымның Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

KMF Банк Қазақстандағы 23-нші екінші деңгейлі банк атанды. Ұйым қызмет еткен жылдар ішінде клиенттерінің саны 1,3 миллион адамға жетті, олардың басым бөлігі кәсіпкерлер.

2025 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша банк активтері 384 млрд теңгеден асты, ал кредит портфелі 306 млрд теңгені құрады.

"KMF Банк" АҚ - 2025 жылы микроқаржы ұйымынан (МҚҰ) екінші деңгейлі банкке конвертацияланды. Еліміздегі шалғай ауылдарды да қызметімен қамти отырып, Қазақстандағы ең ауқымды филиалдар желісінің біріне ие. KMF Банк географиясында 17 филиал мен 122 бөлімше бар. Банк жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнеске қызмет көрсетеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының субъектілерін белсенді түрде қолдайды.

Банк операцияларын жүргізуге ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген № 1.1.120 лицензия, 2025 жылғы 12 тамыз
 

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 14:35
Талқылау
`