"Намаз бен жұма намаз уақыты өзгереді": ҚМДБ Рамазан айы мен ораза кестесін наурыз айында жариялайтынын мәлімдеді
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы уақыт белдеуі өзгерген соң намаз бен жұма намазы уақытының да өзгеретінін мәлімдеді. Сондықтан Рамазан мен ораза кестесін наурызда жариялайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ұсынған мерекелер күнтізбесіне сәйкес, хижра күнтізбесі бойынша 1445 жылы Рамазанның алғашқы күні 11 наурызға – дүйсенбіге сәйкес келеді екен.
Қазірдің өзінде Қазақстан мұсылмандары алдағы 17 күн қалған Рамазан айының жақындағанын ескере отырып, өз іс-шараларын, соның ішінде отбасылық мерекелер мен басқосуларды жоспарлап жатқаны айтылады.
ҚМДБ 1 наурыздан бастап уақыт белдеуінің өзгеруі үлкен мәселе екенін атап өтті. Сондықтан намаз бен жұма намазы уақытының өзгеруі қалыпты дүние дейді.
- "Сабақта ұйықтап қалады": Елімізде мұғалімдер оқушылардың ораза ұстауына қарсы дабыл қағуда
- Балаларға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти жауап берді
“Бұл ретте тұрғындарда көптеген сұрақтар туындайды. Қазірдің өзінде сұрақтар келіп түсіп жатыр. Оның үстіне Рамазан айы да жақындап қалды. Біз өз тарапымыздан белсенділік танытып, сұрақтарға дер кезінде жауап беруіміз керек”, – дейді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұл ретте мұсылмандар Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның облыс орталықтары үшін ораза кестесінің жариялануын күтуде. ҚМДБ Оразаның кестесі наурыз айында дайын болатынын жеткізген.
Бұған дейін елімізде 2024 жылға арналған діни мерекелердің күнтізбесі жарияланған.