Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚМДБ еліміздегі бірқатар мейрамханалар ауызашар мәзірінің бағасын көтеріп жібергенін айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ауызашар мәзіріне қатысты еліміздегі бірқатар мейрамхана иелеріне мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akittv.com.tr

Басқарма мәліметінше, бірнеше мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері тағам бағасын қымбаттатып жіберген. 

"Елімізде бірқатар мейрамхана, кафе мен дәмхана иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушіліктің туындауына себеп болып отыр. Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруді, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді. Ауызашар дастарқаны қарапайымдыққа негізделуге тиіс", – делінген басқарма хабарламасында. 



Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафелер мен тамақтану орындарының иелерін халыққа қолжетімді бағада, қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасиетті Рамазан айы қарсаңында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашарды "ифтар", сәресіні "сухур" деп атаудан аулақ болуға шақырған еді.

Талқылау