ҚМДБ қажылыққа жинаған ақшасын қайырымдылыққа берген атаға жолдама сыйлады

Фото: ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 10 жыл жинаған ақшасын қайырымдылыққа берген Сағадат Жұмабаевқа алғыс білдіріп, қажылық сапарына жолдама сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚМДБ төрағасының тапсырмасымен Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мүфтият атынан берілген қажылық сапарының жолдама сертификатын Сағадат ақсақалға арнайы барып тапсырды.
Сағадат Жұмабаев Павлодар қаласындағы қарттар үйінде 13 жылдан бері тұрып келеді. Туыстары болмағанына қарамастан, ол өмір бойы қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат баласы бар аналарға таратып берген еді. Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен екен.
Еске салсақ, павлодарлық қарияның 10 жыл жинаған ақшасын мүгедектігі бар балаларға көмектесуге бергені айтылды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді