Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KMC 2026: Бизнес үшін ауқымды өсімді кім, қалай және қай жерде қалыптастырып жатыр?

размещение

10 есе өсімге қалай қол жеткізуге болады деген көкейкесті сұрақтың жауабын біз 2026 жылы 28 қаңтарда өтетін жыл сайынғы Kazakhstan Marketing Conference-те (KMC 2026) іздейміз. Kazakhstan Growth Forum мен Асхат Үскембаевтың Креативті Батылдық Мектебі бірлесіп ұйымдастырған бұл конференция InterContinental Almaty қонақүйінде өтіп, 50-ден астам үздік спикер мен нарықтың жүздеген кәсіби мамандарын бір алаңға жинайды.

Биылғы конференцияның тақырыбы – "10X VIRAL GROWTH: Who, How, Where?", ол нақты әрі әлеуеті жоғары мақсатты айқындайды. Қазақстандық және халықаралық жетекші компаниялардың сарапшылары бірігіп, қарқынды өсім стратегияларын жан-жақты талдап, бүгінде әрбір бизнес алдында тұрған үш негізгі сұраққа жауап береді.

Мұндағы өсімнің басты драйвері кім: бірегей өнім бе, адал клиент пе, әлде хайпқа құрылған коммуникация ма? Қандай әдіснамалар, технологиялар мен арналар шынайы вирустық әсер тудыра алады? Ал негізгі маркетингтік шайқастар қай жерде яғни қандай цифрлық экожүйелер мен болашақ платформаларда жүріп жатыр?

Клиенттің өмір бойғы құндылығына (LTV) негізделген ұзақ мерзімді стратегиядан бастап, вирустық таралу алгоритмдері мен мықты бренд қалыптастырудың қыр-сырына дейін қамтитын конференция бағдарламасы осы сын-қатерлерге жауап іздеуге бағытталған.

размещение

KMC 2026 дәстүрлі баяндамалар форматынан асып түседі. Бұл – шынайы нетворкингке, панельдік пікірталастарға және кәсіби құзыреттерді дамытуға арналған платформа. Қатысушыларды мына нәрселер күтеді:

  • C-MENTORING – маркетинг алыптарымен жеке кездесулер. Нақты мәселелерді талқылап, дербес кеңес алуға мүмкіндік.
  • "The Best CMO of the year", "Creative Campaign of the year", "New Experience of the year" номинациялары бойынша кәсіби сыйлықтарды табыстау рәсімі. Бас жүлде иегері Kazakhstan Growth Forum-ның жабық C-level қауымдастығына қол жеткізе алады.
  • Centras Marketing Survey 2026 ауқымды салалық зерттеуінің нәтижелері. Зерттеуге қазірдің өзінде барлық мүдделі басшылар қатыса алады. Сауалнамадан өту сілтемесі: https://kmc.kgforum.kz/#survey 

размещение

"Заманауи экономикада маркетинг шығын емес, сұранысты басқарудың тұтас жүйесі. Мұны түсініп, технологиялық құралдарды қолданатын компаниялар аудиториясын, табысын және құнын бірнеше пайыз емес, бірнеше есе арттыра алады. Дәл осы философия мен құралдар жиынтығы KMC 2026 аясында “10X VIRAL GROWTH” ұранымен талқыланады", – деді Centras Group басқарушы директоры және KMC чемпионы Елена Афонина.

размещение

Егер сізге нақты кейстер мен өсім модельдерін тереңінен талдау қажет болса, бұл конференция дәл сіз үшін. Тіркелу үшін сілтеме: https://clck.ru/3RNgku 

KMC 2026 конференциясын Forte Bank, Yandex Ads, Kommesk, Popeyes, Centras Securities, Centras Insurance, SOS Medical Assistance сынды компаниялар қолдады.

размещение

STAN.KZ
Сәрсенбі, 21 Қаңтар, 2026 17:42