Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ сыйға ат мінгені үшін Атырау облыстық полиция басшысын қызметінен алуды ұсынды

Ішкі істер министрлігінің тәртіптік кеңесі төрағалығымен Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Дүйсембаевқа қатысты қоғамдық резонанс туғызған факті бойынша аталған өңірге министрдің орынбасары А. Калайчиди бастаған Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы жіберілді.

atyrau_polisiya

Видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі баспаөз қызметінің мәліметінше, комиссия А.С. Дүйсембаевтың қызметтік әдеп тәртібін бұзушылығын анықтаған қызметтік тексерудің қорытындысын қарады. 

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша ішкі істер министрі Дүйсембаевты атқарып отырған лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігіне ұсыным енгізу жөнінде шешім қабылдады. 

Сонымен қатар, полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция майоры С.А. Қалиев орнынан босатылды және бірқатар лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. 

Сондай-ақ, министрдің орынбасары жеке құраммен қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді.

Желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео тараған еді. 

Талқылау