Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Стоматологиялық емхана қазақстандыққа 1,2 миллион теңге өтемақы төлейді

Оралда тұрғынның тістерін жалған жасанды винирмен түзеткен "Жеке стоматологиялық емхана" ЖШС жауапқа тартылды. Жалған құралдың салдарынан тұрғын тісін Алматыға барып қаратып, 1,2 миллион теңгеден астам қаражат төлеуге мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Деректерге сүйенсек стоматология тұрғынға жоғарғы жақ тістерін цирконий крондарымен протездеу, металл керамика, тістердің пішіні мен түсін жалған винирмен түзету қызметтері көрсеткен. Емханаға қызметі үшін ол 700 мың теңге төлеген.

“Алайда қызмет сапасының төмендігінен емделуші Алматыдағы басқа емханаға баруға мәжбүр болған. Ондағы қызмет құны түзетулерді есепке алғанда 1,2 миллион теңгеден асып кеткен. Стоматология емделушісі Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне хабарласып, ЖШС емханасының жұмыс сапасының төмендігін атап көрсеткен”, – делінген хабарламада. 



Осыған байланысты Орал қаласының №2 соты істі қарап, мынаны көрсетті:

“ЖШС емханасы тарапынан бұзушылықтар расталды. Бұл департаменттің ұйғарымымен және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен дәлелденді. ЖШС емханасының емделушіге материалдық залал келтірудегі кінәсі анықталды. ЖШС емханасы кінәні жоққа шығаратын қандай да бір дәлелдеме ұсынбаған. Жоғарыда аталғандарға байланысты сот ЖШС емханасынан 1,2 миллион теңге материалдық және моральдық шығынды өндірді”, – делінген хабарламада. 

Шешім заңды күшіне енді. 

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 09 Желтоқсан, 2024 14:37
Талқылау