Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызым 23 жасына дейін пәк болды": Яна Легкодимованың анасы күдіктілерді өмір бойына соттауды сұрады

Коллаж Stan.kz

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот жалғасуда. Бүгінгі сот отырысында марқұмның анасы Галина Легкодимова сөз сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйел өз сөзінде соттан айыпталушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

“Менің қызымның аяғы да, қолы да, аяқ киімі да, шалбары да, жейдесі де – ештеңесі жоқ. Бұл заттардың бәрі қайда? Мұны тек айыпталушылар ғана біледі. Мен бір нәрсені ғана білемін, дені сау ешбір адам олардың қлмыс жасаудағы ниетін де, себебін де, ештеңесін түсінбейді. Мен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын талап етемін. Бұл толығымен қылмыстық кодекске сәйкес келеді. Өмір бойына соттау — оларға берілетін ең аз жаза”, – деді Галина Легкодимова сотқа.

Әйел айыпталушылардың қызының есімін қаралау әрекеттерін қабылдауға болмайтынын атап өтті.

“Ол менің қызымды өлтіруге қорықпаған. Енді оны мен кінәлі сияқты көрсетуге тырысып отыр. Қалай менің қызымды маскүнем, есірткіге салынған, жеңіл жүрісті етіп көрсете алады? Қызым 23 жасқа келгенше пәк болды, үйден шықпай, тек оқуымен, жұмысымен және өзін дамытуымен айналысты”, – дейді марқұмның анасы.

Әйел қызының айыпталушыдан жүкті болып қалғаны сенімді. Оның айтуынша, осы себепті айыпталушы қызды тез арада өлтіруге шешім қабылдаған.


“Тұншықтыр, мойнын сындыр”: 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне күдіктілер арасындағы хабарламалар жарияланды


Сот отырысында айыпталушы Ризуан Хайржановтың әкесі де сөз сөйлеп, ұлының кінәлі екеніне сенбейтінін айтты.

Ер адамның сөзінше, сараптама өлімнің нақты себебін анықтай алмаған.

“Сүйектерде өлтіруді немесе ұлымның қатысы барын дәл көрсететін күш қолданудың іздері жоқ. Барлық зақымдар өлімнен кейін пайда болған. Өлім уақыты нақты белгіленбеген”, – дейді ер адам.

Айыпталушының әкесі мәйіттің қыз жоғалғаннан сегіз ай өткен соң табылғанын атап өтті. Сондай-ақ денені тапқан куәгер бұрын ол жерде болмағанын айтып, денені біреулер басқа жерден алып келген болуы мүмкін екенін жеткізді.

Еске салсақ, 2024 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Яна Легкодимованың мәйіті биыл маусымда Атырау облысынан табылған еді. 2024 жылдың 18 қазанында бойжеткен танысының қоңырауынан кейін үйінен шыққан. Аз уақытта ораламын деп ойлаған ол күртешесін де алмаған көрінеді. Бірақ сол күйі үйіне оралмаған. Ол өмірінің соңғы сәттерінде танысының көлігінде болған. Қылмыстық істі қозғауға Янаның күнделігі себеп болған. Марқұм күнделігінде "Р" деген біреуді атап өткен.

Сот барысында Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталғандар өз кінәсін мойындады. 

Дана Русланқызы
Жұма, 14 Қараша, 2025 21:58
Талқылау