Қызылордада оқушы сексуалдық құлдықта болған: Клиенттерге қатысты іс бөлек қаралып жатыр

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қызылордадағы мектеп оқушысының жыныстық құлдыққа түсуі туралы істің тергеу барысы жөнінде мәлімет берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Санжар Әділовтың айтуынша, жәбірленушімен жыныстық қатынасқа түскен тұлғаларға қатысты іс материалдары бөлек өндіріске бөлінген. Бүгінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
“Зорлық-зомбылық құрбаны бойынша тергеу, бірқатар бап бойынша аяқталды. Кінәлі тұлғалар сотталды. Сот шешіміне түсініктеме беруге құқығым жоқ. Олардан жауап алып қана қоймай, өзге де тергеу амалдарын жүргізу қажет, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр”, – деді Санжар Әділов.
Ол сондай-ақ полиция жәбірленушімен байланыста екенін, ал нақты есімдерді жариялау-жарияламауды жәбірленушінің өзі шешуге құқылы екенін атап өтті.
Министрдің орынбасары өзге ақпаратты жарияламады. Ол Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, бұл бап соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейтінін реттейтінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Жәбірленушінің анасы бәрі сыныптас құрбысымен жақын араласа бастаған кезде басталғанын айтты. Кейін қыздың өзіоқиғаның қалай болғанын баяндап берді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты