Қызылордада жасөспірімді жезөкшелікпен айнылысуға тартқан күдікті сотталды
Қызылорда қалалық сотында кәмелетке толмаған жасөсіріпірмді жезөкшелікпен айнылысуға тартқан күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iStock.com
Соттың мәліметінше, сотталушы Ж жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайда табу мақсатымен, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.
-
“Отбасыңды өлтіреміз деген”: Қызылордада жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған 16 жастағы қыздың анасы тың деректерді бөлісті
-
"Массажист іздейміз": Қазақстанда әйел Instagram арқылы қыздарды жезөкшелікке тартқан
Прокурор соттан күдіктіні кінәлі деп танып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын мәлімдеді.
Сот сотталушының жас баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
“Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған тағы бір күдіктіге сот үкімі шыққаны туралы жазған едік.