Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада түрмеге есірткіні сүйек кемігіне жасырып кіргізбек болған

Қызылордада түрмеге сүйек кемігіне жасырып есірткі кіргізбек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

130 грамм марихуана оралған пакеттер сиыр етінің сүйектерінің ішіне салынып, сүйек кемігімен жасырылған. Есірткі пакеттері жазасын өтеушіге келген азық-түлік сәлемдемесін арнайы жабдықтың көмегімен тексеру кезінде анықталған.

Енді колонияға тыйым салынған затты кіргізбек болған сотталушының айлакер туысы 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Астанада көшеде бесік арбасын сүйреген төрт баланың анасы білдіртпей есірткі жарнамалаған


"Аталмыш факті бойынша" есірткі және психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Зиябеков.

Еске салсақ, бұған дейін полиция полковнигінің ұлы есірткі тасымалдағаны үшін 10 жылға сотталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау