Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушы қыздың ісі: Күдіктілер арасында бес жасөспірім бар

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушы қыздың ісіне байланысты тағы 11 күдікті анықталды. Оның ішінде бесеуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сондай-ақ құқық қорғау органдары:

  • кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту;
  • жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау;
  • бопсалау;
  • есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру;
  • азаптау;
  • кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша істі қарауда.

"Қылмыстық істердің тоғыз қатысушысы қамауда. Екеуіне "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олардың арасында бес кәмелетке толмаған бала бар. Істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы мен ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде", – делінген ІІМ-нің жауабында.



Бұған дейін министрлік 13 күдікті туралы хабарлаған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Жәбірленушінің анасы бәрі сыныптас құрбысымен жақын араласа бастаған кезде басталғанын айтты. Кейін қыздың өзі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. 

Талқылау