Қызылордада кафеде кәуап жасайтын қызметкер ескерту айтқаны үшін бастығының екі саусағын шауып тастады
Фото: freepik.com
Қызылордада кафеде кәуап жасайтын қызметкер ескерту айтқаны үшін бастығын ұрып, екі саусағын шауып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Деректерге сүйенсек, ер адамды ет пен маринад әзірлеу үшін жұмысқа алған. Алайда ол міндетін орындамай, ішімдік ішіп, карта ойнаумен айналысқан. Кафе иесі наразылығын айтқан кезде ол мас күйде ет шабатын балтаны алып, әйелдің екі саусағын шауып тастаған.
Жәбірленуші – көпбалалы ана. Оқиғаның ауырлығына қарамастан, күдікті әлі бостандықта жүр екен.
Фото: Hola News
-
Қарағанды облысында ер адам балалар ауруханасында дәрігерлерді соққыға жыққан
-
Көкшетауда 23 жастағы жігіт бастығын өлтіріп, мәйітін көлігіне салып алып жүрген
Жәбірленушінің адвокаты Ғабит Өмірбеков тиісті органдарға істі назарға алуды сұрап, өтініш білдірді.
Оқиғаға байланысты Қызылорда қаласының полиция департаменті пікір білдірді.
“Қызылорда қаласы полиция басқармасы жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтіру дерегімен қылмыстық іс қозғап, қажет сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – деді ведомство.