Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 14 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

Қызылордада 14 жастағы жеткіншек қыз бесінші қабаттан секіріп кетті. Ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

қыз

7 наурызда сағат 11:00 шамасында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан хабарлама келіп түскен. Онда облыс орталығының Сырдария өзені сол жағалауындағы бөлігінде орналасқан көп қабатты үйдің бесінші қабатынан 2007 жылғы жасөспірім қыздың секіріп кеткені айтылған.

Бұл оқиға жайлы Қызылорда қалалық полиция басқармасы пікір білдірді. 

"Жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.


Қазақстанда футболды нашар ойнағаны үшін мазаққа қалған оқушы өзіне қол салды

Талқылау