Қызылорда облысының әкімі өңірдегі қыздарды зорлау фактісін жасырып отыр деп айыпталды
Фото: shutterstock.com
Журналист Мадина Жатқанбаева Қызылорда облысының әкімдігі мен жергілікті мемлекеттік органдарды балаларға қатысты ауыр қылмыстарды жасырды деп айыптады. Айтуынша, ведомствалар әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың беделіне нұқсан келтіруден қорқады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жатқанбаеваның айтуынша, шамамен бір апта бұрын Қызылорда қаласында өгей әкесі 16 жастағы қызына зорлаған. Ол қаладағы № 253 мектептің 10-сынып оқушысы болған. Сондай-ақ Шиелі ауданында 5 жасар Марьям есімді қыз зорланған. Қазіргі уақытта екі зардап шеккен қыз да Қызылорда облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда.
Балалардың жағдайына қатысты Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтангазиев пікір білдірді.
"Қазіргі уақытта екі қыз да облыстық балалар ауруханасында. Оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілуде. Қалған ақпаратты мен бере алмаймын, себебі бұл медициналық құпия", - деді ол.
Сонымен қатар Сұлтангазиевтің айтуынша, полиция бұл оқиғалар бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында әйелінің 9 жасар жиеніне азғындық жасаған ер адам өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік.
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі