Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында сот төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды

сот алдында ұсталған судья

Фото: ЖИ

Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Мұны журналист Михаил Козачков өз Telegram-парақшасына жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қызылорда облысының ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықовты ұстады. Ол сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген, тергеу оның пар ма, әлде алаяқтық па екенін анықтайды.


Мас күйде көлік жүргізгені үшін сотталған астаналық судья айыппұлмен құтылып кетті


Бұған 2024 жылы алаяқтық үшін сотталған ер адамның парасы себеп болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, сотталушының туыстары Әбдіқалықовқа жазасын жеңілдету үшін 6 миллион теңге берген, осылайша ол шартты түрде жаза алған. Біраз уақыттан кейін қылмыскер мерзімінен бұрын босату үшін тағы 300 000 теңге жіберген.

Ұлттық қауіпсіздік комитет Қазалы аудандық сотының судьясы Серік Бертайды да тергемек. Бірақ ол қазір ауруханада, сондықтан әлі ұсталған жоқ.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 17 Қаңтар, 2026 11:05