Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында салмағы 6,5 келі болатын сәби дүниеге келді

Фото: Видеодан скрин

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай нағыз батырды дүниеге әкелді. Оның тұңғышының салмағы – 6,5 келі. Бұл өңірдегі орташа көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "24KZ" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, босану процесі күрделі өткен. Нәрестеге реанимациялық көмек пен қосымша ем қажет болды. Бала жағдайын облыстық көпсалалы аурухананың перинаталдық бөлімінің мамандары бақылауға алған. Қазір ана мен баланың өміріне еш қауіп жоқ. Сәбиге Қуанышбек деген есім берілді.

Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбайдың айтуынша, алдымен оны патология бөлімшесіне жатқызған.

"Ультрадыбыстық зерттеу кезінде баланың ірі екені анықталды. Дәрігерлер кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдады. Ота сәтті өтті. Қазір өзімді де, баламды да жақсы сезініп отырмыз", – деді босанған әйел.

Акушерия бөлімінің меңгерушісі Арман Еранова баланың әрі қарайғы емін қарқынды терапия бөлімінде жалғастыратынын мәлімдеді.

"Қазір ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бізде бұған дейін де салмағы алты келіден асатын сәбилер дүниеге келген. Мұның бәрі ата-ананың гені мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты", – деді бөлім меңгерушісі.


Түркістан облысында 38 жастағы келіншек бес ұлдан кейін үшемді дүниеге әкелді


Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді


Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 43 жастағы Шардара ауданының тұрғыны Орынкүл Нұрабаева үшемді дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды. Ұлдардың салмағы 2265, 2455 және 2405 грамм. Үшемдер мерзімінен бұрын туғандықтан, дәрігерлердің бақылауында болған. Қазір ана мен сәбилердің жағдайы жақсы, олар перзентханадан үйлеріне шығарылды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 15 Қазан, 2025 09:48
Талқылау