Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында онкологиялық бөлімшесі бар үлкен аурухана салынып жатыр

Фото: gov.kz

Қызылорда облысында ауысымына 100 адам қабылдайтын емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 төсектік көпбейінді аурухана салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аурухананың құрылыс алаңына барды.

Нысан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынуда. Ауруханада заманауи инженерлік шешімдер енгізіліп,  жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталынбақ.

Қызылорда облысында онкологиялық бөлімшесі бар үлкен аурухана салынып жатырФото: gov.kz

“Көпбейінді аурухана халықаралық стандарттарға сәйкес келетін диагностика және емдеу саласында жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізу бойынша флагманға айналады. Бұл олардың сапасы мен өңір тұрғындары үшін қолжетімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. 



Кешен емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия бөлімшесі, қабылдау бөлімшесі, әкімшілік блок, реанимация, химиотерапия және радиотерапия бөлімшелері, сондай-ақ операциялық блок сияқты 10 функционалдық блоктан тұрады”, – делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 12 өңірінде заманауи перинаталдық орталықтар салу көзделген.

STAN.KZ
Жексенбі, 22 Ақпан, 2026 12:26