Қызылорда облысында екі адамнан малдан жұғатын қауіпті ауру анықталды
Фото: Pixabay.com
Қызылорда облысының екі тұрғынынан Конго-қырым геморрагиялық қызбасы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі науқас ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес кешенді ем қабылдап жатыр. Оның бірі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, екіншісі Шиелі орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр.
Науқастардың айтуынша, оларда тамақтан улануға ұқсас клиникалық белгілер болған, сондықтан олар өз бетінше ем қабылдап, медициналық көмекке кеш жүгінген. Ер адамдар дала жұмыстары мен мал шаруашылығымен айналысады екен.
"Аурудың алғашқы белгілері (қызба, жүрек айнуы, құсу) 25 жастағы облыс орталығының тұрғынында 3 шілдеде пайда болған, бірақ ол екі күннен кейін ғана медициналық көмекке жүгінген. Науқасқа "Конго-қырым безгегі" деген күмәнді диагноз қойылды. Сол күні диагноз зертханада расталды. Науқас қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр", – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Әлия Әбдікаимова.
Екінші науқас Шиелі ауданындағы Досбол би ауылының 55 жастағы тұрғыны. Ер адам 1 шілде өзін нашар сезінгенімен, орталық аудандық ауруханаға үш күннен кейін ғана жүгінген. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
"Конго-қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері өте алуан түрлі. Улану, ішек инфекциялары, жоғарғы тыныс жолдарының суық тиюі және вирустық инфекциялардың клиникалық көрінісіне ұқсас. Айырықша белгілері – 39-40 градусқа дейін дене температурасы. Бұл ауру әсіресе жаздың ыстық айларында байқалады”, – деді маман.
Облыста жыл басынан бері геморрагиялық қызбаның сегіз жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Сондай-ақ кене шағу туралы шағым көбейген. 857 қызылордалық медициналық көмекке жүгінген.
"Облыста дәрі-дәрмек қоры бар. Ең бастысы, тұрғындар қырағы болып, дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, өзін-өзі емдемеу керек", – деп қосты ол.
Конго-қырым геморрагиялық қызбасы – кене шағу және ауру малдың қанымен немесе тіндерімен жанасу арқылы таралатын жіті вирустық ауру. Бұл зооноздық инфекция, яғни жануарлардан адамға жұғады. 10-40% жағдайда ауру өліммен аяқталады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
