Қызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы 8 адамды бопсалаған күдікті сотталды
Қызылорда облысында әлеуметтік желіде абыройына нұқсан келтіремін деп 8 адамды бопсалап, ақша алған күдікті сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Соттың мәліметінше, Жаңақорған аудандық сотында “бірнеше рет жасалған қорқытып алушылық” бабымен сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
“Сотталушы Т. 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, барлығы 8 жәбірленушіден, бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен барлығы 1 950 000 теңге алып, жеке бас пайдасына жаратқан”, – делінген сот хабарламасында.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлердің жауаптарымен, айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбамен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген. Сотталушы да өз кінәсін толық мойындады.
Әріптесін интимді видеомен бопсалаған екі ақтөбелік 4 жылға сотталды
Жәбірленушілерге келтірілген шығынның 1 650 000 теңгесі ішінара қайтарылған.
“Жаңақорған аудандық сотының үкімімен сотталушы Т кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді”, – делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқаны туралы жазған едік.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған