Қызылорда қаласында массажист сәбиді парафинмен күйдірген: Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда қаласында сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға жөнінде әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда массажист әйелдің сәбиді парафинмен күйдіріп қойғаны айтылады. Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған.
Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді", - деп жазылған хабарламада.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"