Қақпашы Темірлан Анарбековты алғашында алаң ойыншысы ретінде қабылдамаған

Темірлан Анарбековты алғашында алаң ойыншысы ретінде қабылдамаған Сол себепті ол футболдағы жолын қақпашы болып бастауға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда дәл осы таңдауы оның тағдырын айқындап, болашаққа даңғыл жол ашты.
2017 жылы "Қайрат" клубының скауттары оның бойындағы талантты байқап, Алматыдағы академияға шақырды. Осылайша жас қақпашының кәсіби мансабы басталды.
2020 жылғы маусымда, небәрі 17 жасында, ол Премьер-лигада "Таразға" қарсы матчта негізгі команда құрамында дебют жасады. Ал 2022 жылы Бірінші лигада өнер көрсеткен "Қайрат-Жастар" командасының капитаны атанып, көшбасшылық болмысын айқын көрсетті.
2024 жылғы маусымды Темірлан елордалық "Жеңіс" клубына жалға берілді. Бұл жерде ол жасындай жарқырап, өз шеберлігін одан әрі шыңдады.
Ал 2025 жылдың 20 тамызы – оның есімі тарихқа алтын әріппен жазылған күн. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңде сырт алаңда "Селтикке" қарсы ойында негізгі қақпашы Александр Заруцкий жарақат алған соң, Темірлан қақпаны сенімді түрде қорғауға кірісті. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Қарымта кездесуде де тең есеп тіркелді. Шешуші пенальти сериясында Темірлан бес бірдей соққыны тойтарып, жанын шүберекке түйген жанкүйерлерді айрықша қуанышқа бөледі. Оның ерлігінің арқасында "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, қазақстандық футбол тарихында жаңа белес ашылды. Темірлан болса, қажырлы еңбек пен қайсар рухтың шынайы символына айналып шыға келді.
Ал Темірлан ұлттық құрамадағы дебютін 2025 жылғы 4 қыркүйекте Астанада өткен Қазақстан – Уэльс матчында жасады.
Сонымен қатар жуырда Бельгияға қарсы өткен кездесуде ол тағы да шеберлігін көпшілікке паш етті. Матч барысында 8 рет допты кеудесімен тосые, әлемге танымал Джереми Докудың өзін таңдай қақтырды. Темірлан атын заты-сай тас қамалдай берік, өз еліне сенім сыйлаған нағыз темір қақпашы атанды. Ал күні кеше ғана Темірлан Чемпиондар лигасының 5-турында “Копенгагенге” қарсы ойында 7 сейв жасады. Осылайша оның сейві УЕФА үздіктер қатарына енді.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді

