Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқытушы өзімен байланыста болған қызды өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

Санкт-Петербург мемлекеттік университенің оқытушысы Олег Соколов өзі оқытқан тәлімгер қызды айуандықпен өлтірген деген айыппен ұсталған. Тергеу барысында ол студенттін не себептен өлтіріп, артынша қыздың денесін бөлшектеп тастағаны жайында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қызғаныштан атқан: Университет оқытушысы арасында байланыс болған студент қызды өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

Сурет: ria.ru сайтынан

Тергеу жұмыстары кезінде Соколов өзімен байланысы болған 24 жастағы студент Анастасия Ещенконы 7 қараша күні қызғаныштан шолақ мылтықпен атып өлтірген. Қатыгез оқытушы қызды атып өлтіріп, оның денесін үйіне тығып қойған. Ал қылмыстың ертесі күні қылмыскердің үйіне келген қонақтар ештеңе байқамаған көрінеді.

Содан кейін Соколов мәйіттің көзін қалай құрту керек жайында біраз ойланған. Артынша ол араның көмегімен қыздың денесін бөлшектеп, одан шетінен жоғалтып отыру керек деген тоқтамға келіпті. Есінен танып қалмау мақсатында Соколов алкоголь көп ішкен. Алайда соның салдарынан қыздың қолын суға ағызып жібермекші болып жатқан кезде ол өзенге құлап кетеді. Мұны байқаған тәртіп сақшылары оны ауруханаға жеткізеді.

Соколов ауруханада ақылға қонымсыз жағдай жасайды. Артынша полцейлер одан күдіктеніп, үйіне барып тінту жұмыстарын жүргізгенде студент қыздың кесілген басы мен оның денесін, бұған қоса травматикалық тапаншаны тауып алған. 

Талқылау