Альпинист қызды тауда қалдырып кеткен: Ер адам сол үшін кісі өліміне күдікті болды

Австрияда альпинист адам өліміне себеп болды деген күдікке ілінді. Ер адам шыңға көтерілу кезінде қызды таудың басында қалдырып кеткен. Салдарынан ол үсіп көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 18 қаңтар күні болған. Таңертең 33 жастағы Керстин мен 36 жастағы Томас Grossglockner шыңына көтеріле бастаған. Бұл – Австриядағы ең биік тау, биіктігі 3798 метр. Жыл сайын оған шамамен 7 мың альпинист шығады.
Олар жолда шамамен 17 сағат болған. Осы уақыт ішінде қараңғы түсіп, ауа райы күрт нашарлаған. Аяз 9 градусқа дейін төмендеп, желдің екпіні сағатына 72 шақырымға жеткен. Түнгі сағат екілер шамасында Томас көмек шақыруға кеткен. Ал шөлдеп, әбден қалжыраған Керстин шыңға 50 метр қалғанда қалып қойған. Көп ұзамай ол көз жұмды.
Айыптаушы тараптың пікірінше, тәжірибелі гид ретінде Томас болған оқиға үшін жауап беруі тиіс. Прокурорлар оның кемінде тоғыз өрескел қателік жібергенін алға тартады. Керстинн жеткілікті дайындалмаған,.жорықты ұсынылған уақыттан екі сағат кеш бастаған, құрал-жабдық жеткіліксіз болған, қолайсыз аяқ киім және апат белгісін уақытында бермеу мәселелері айтылды.
Күдікті өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның адвокаты бұл оқиғаны "қайғылы кездейсоқ жағдай" деп атады. Сондай-ақ жұптың шыңға бірге шығу туралы шешімді ортақ қабылдағанын, екеуінің де тәжірибесі мен дайындығы жеткілікті болғанын атап өтті.
Марқұмның анасы да Томастың кінәсіз екенін айтады. Оның сөзінше, Керстин жақсы физикалық дайындықта болған және бұған дейін одан да күрделі бағыттарды бағындырған.
Егер сот Томасты кінәлі деп таныса, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген