"Қызды құтқарамын деп суға кетті": Мақпал Жүнісова марқұм ағасын есіне алды
Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм ағасын есіне алып, жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Өнер иесі Ертіс өзеніне ағасының батып кеткенін айтты.
“Ертістің суы менің ағамды алып кеткен. Болат деген туған ағам бір қызды құтқарамын деп 24 жасында батып кетті. Қараған сайын жүрегім ауырады. Артында ұрпақ та қалмады. Әскерден келген кезі еді. Үйленемін деп дайындалып жүрген", — деді халық әртісі.
Желі қолданушылары қазақтың ерке қызының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Мүшел жасында кетіп қалған екен ғой, иманды болсын", "Біреуді құтқарып суға кетсе жәннатқа барады дейді", "Қанды Ертіс, талайы кетті", "Ағаңның иманы жолдас болсын", “Бұл Ертіс кімді алмады дейсің”, “Менің де ағам 31 жасында суға кетіп қалған еді. Тірі болғанда 60 жасқа толар еді”— деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Атын естігенде жүрегім жарылады" деп Мақпал Жүнісова тікелей эфирде тыңдарманымен тілдесіп, жылап қалған еді.