Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызды қорғаған": Астанада жасөспірімдер арасындағы төбелестің видеосы тарады

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Астанадағы жөспірімдер арасындағы төбелестің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиғаны тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Видеодан жөспірімнің жерде жатқан баланың басынан аяусыз тепкенін көруге болады. Ал оқиға орнында тұрған бір топ жасөспірім ажыратпай қарап тұра берген. Видеоның авторы айқайлап, ескерту жасаған соң жасөспірімдер тарап кеткен. 

Даудың басы жасөспірімдердің бірі қыз баланы қорғағанынан басталыпты. Полиция төбелеске қатысқан жасөспірімдердің жеке басын анықтады. Енді олардың ата-аналары да әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.


Бірде бір адам ұсталмаған: Ақтөбеде төбелес салдарынан жасөспірімнің көзі көрмей қалды


“Астанадағы мектептердің бірінің маңында болған оқиғаға қатысты оқушылар анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмағандарға қатысты қоғамдық орында бұзақылық  жасағаны үшін әкімшіілік іс қозғалды. Жиналған материалдар әкімшілік құқықбұзу жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды”, – деді Астана ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова.

Астана қалалық полиция департаменті ата-аналарды балалардың мінез құлқы мен бос уақытын қадағалауға ерекше назар аударуға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапқан еді.

Дана Русланқызы
Сенбі, 11 Қазан, 2025 11:07
Талқылау