Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыздары бірінші құттықтады": Алтынай Жорабаева жолдасына арнап жазба жариялады

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева жолдасының туған күнімен құтықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі күйеуінің меншікті мерекесінде жанында болмағанын айтты. 

“Мен жолдан келдім. Түнде әкелерін қыздары құттықтады. Туған күнің құтты болсын, Әлішер! Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін! Екі дүниенің абыройы мен бақытын берсін. Екеуміз бір жастықта қартайып, бала-шағамыздың қызығын бірге көрейік”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, өнер иесіне жолдасы пәтер сыйлағанын жазған едік. 

“Әлішер екеумізге көрші пәтерді сатып алды. Енді ол пәтерде асхана да, ештеңе болмайды. Көбіне менің киімдерім, гардероб болады деп отырмыз. Төрт бөлмелі, 180 шаршы метр. Біздің жеке жатын бөлмеміз де сонда болады. Қазір жөндеуді бастадық. Бәрін өзгертіп, әдемілеп жасап аламыз", – деген еді эстрада жұлдызы. 

Талқылау