Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қызбен кездесу үшін оның тотықұстарын кепілге алып, бопсалаған

Фото: depositphotos.com

Жапонияда 26 жастағы ер адам таныс қызымен кездесуді талап ету үшін оның төрт тотықұсын кепілге алып, кешірім сұрауын талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.livedoor.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияда 26 жастағы ер адам таныс қызымен кездесуді талап ету үшін оның үй құстарын кепілге алды деген күдікпен ұсталды. 

20 жастағы қыздың айтуынша, ер адам оған жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 01:00 шамасында телефон шалған. Ол қыздың төрт тотықұсын ұстап отырғанын айтып, қыздан қайтып келіп, өзінен кешірім сұрауын талап еткен. Сондай-ақ қыз оның талабын орындаса, құстардың аман қалатынын уәде еткен.

Қыз ер адамның хабарламаларына жауап бермей, бірден полицияға жүгінген. Көп ұзамай күдікті қолға түсті. Қазір құстардың бәрі қауіпсіз жерде екені айтылды.

Полицияның мәліметінше, ұсталғаннан кейін ер адам өз кінәсін мойындады, қазір билік оның әрекетінің себептері мен оқиғаға алып келген мән-жайларды тексеріп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында бес жыл бойы бір қыз бен оның отбасын интернет арқылы қудалап келген 22 жастағы Сәтбаев тұрғыны ұсталғанын жазған едік. Күдікті жасанды интеллектінің көмегімен жалған интимдік фото-видеолар жасап, оларды жәбірленушінің туыстары мен таныстарына таратқан. Қудалау 2023 жылы қыздың тұрмысқа шығу жоспарына да кері әсер етіп, жалған материалдар күйеу жігіттің отбасына жіберілгеннен кейін құда түсу рәсімі бұзылған. Киберполицияның жедел іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, компьютерлік техникасы тәркіленді.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 15 Ақпан, 2026 19:23