Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ару үйлену тойына дейін арықтағысы келіп, бедеулікке ұшырады

қыз арықтағысы келгенФото: Freepik

29 жастағы диетолог Синтия Донован той күні сымбатты көрінгісі келіп, ақыры бедеулікке ұшырады. Оның оқиғасын People басылымы жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол ешқашан артық салмақпен қиналмағанын, спортзалға үнемі барып, дұрыс тамақтануға көп көңіл бөлетінін айтты. Алайда құда түскеннен кейін, той күні мінсіз көріну үшін аздап арықтау керек деп шешкен.

Донован спортпен жиі шұғылданып, тамақ порциясын қатты қысқартқан. Нәтижесінде ол қалаған салмағына жетті, бірақ тым қатаң шектеулер салдарынан етеккірі тоқтаған. Басында ол бұған мән бермеген, ұзақ жылдар бойы қабылдап келген контрацептив дәрілерден бас тартқаны себеп деп ойлаған. Алайда бірнеше ай өткен соң цикл қалпына келмегендіктен, мәселенің себебін анықтауға бел буды.

Дәрігер оның тез арықтау мен шамадан тыс физикалық жүктеме салдарынан функционалды гипоталамустық аменореяға шалдыққанын анықтады және көбірек тамақтанып, фитнеске бару санын азайтуға кеңес берді. Донован диагнозды бірден қабылдай алмаса да, кейін маман нұсқауларына құлақ аса бастады. Алты жыл өткен соң ол бедеулікті жеңіп, дені сау ұл баланы дүниеге әкелді.

STAN.KZ
Сенбі, 09 Тамыз, 2025 14:00
Талқылау
`