Қытайлық көлік шығарушы өзін сынаған блогерден кешірім сұрауын талап етті
Фото: Avatr компаниясынан
Қытайлық Avatr маркасы блогерге кешірім сұрауды талап етіп, сотқа дейінгі талап жолдаған. Бұған блогердің Avatr 12 седанын сынауы себеп болған. Блогердің сөзінше, көлік шығарушы аэродинамикалық кедергі коэффициентін төмендетіп көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Avatr компаниясы тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен қосымша сынақ өткізгенін, нәтижесі ресми жарияланған көрсеткішпен дәлме-дәл шыққанын мәлімдеді. Алайда блогер бұған қарамай компанияны сынап, талапқа қатысты жауап бермеген.
Avatr маркасы қытайлық блогерден жалған ақпарат бар жазбаларды өшіріп, парақшасында кешірім сұрап жазба жариялауды талап еткен. Сондай-ақ көлік өндірушісі 12 седанын көпішіліктің көзінше сынап, мұны тікелей эфирден де көрсетіпті. Нәтижесінде аэродинамикалық кедергі коэффициенті бұған дейін ресми жарияланған 0,21-ге тең деген қорытындыға келді.
Ал блогер өз сынағын мамыр айының басында өткізген. Оның айтуынша, аэродинамикалық кедергі коэффициенті 0,28-ге тең, ал бұл ескі көліктердің көрсеткішімен бірдей. Сондықтан блогер компанияны деректі әдейі бұрмалап, сатып алушыларды алдады деп айыптады.

"Тырнағын жұлып, қолын сындырып, азаптап өлтірген": Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы әділдік сұрап отыр
