Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық инвестор Шымкентте керамикалық плитка шығаратын зауытты іске қосты

27 қыркүйекте Шымкенттегі "Жұлдыз" индустриялық аумағында ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңі, яғни керамикалық плитка шығаратын зауыт іске қосылды. Оны қытайлық Wan Sheng Ceramics компаниясы салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, зауыт Орталық Азиядағы құрылыс индустриясындағы ең ірі жобалардың біріне айналады. Оның ашылуы ішкі нарықты жергілікті құрылыс материалдарымен, атап айтқанда керамикалық плиткамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әкімдік зауыттың құны 25,5 миллиард теңге, жалпы аумағы 32 гектар екенін мәлімдеді. Құрылысы 2023 жылы басталған кәсіпорында 350 жұмыс орны ашылған. Әкімдік мәліметінше, цехтарда заманауи технологиялық жабдықтар орнатылған, өндіріс барынша қауіпсіз әрі экологиялық таза болады.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

"Бірінші кезеңді іске қосу аясында компания жыл сайын 12,7 миллион ​​шаршы метр керамикалық плитка шығаруды көздеп отыр. Екінші кезең іске қосылғаннан кейін өндіріс қуаттылығы екі есеге 25,4 миллион шаршы метрге дейін артып, қосымша 350 жұмыс орны ашылады", – делінген хабарламада. 

Талқылау